Павлодар шұжық өндірісі бойынша бес көшбасшы өңірдің қатарында
Жылына облысымызда үш мың тоннадан астам шұжық өндіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Еnergyprom мәліметінше, биыл қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 32,8 мың тонна шұжық және еттен жасалған өнімдер шығарылды. Бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға артық.
Облыс бойынша ең көп шұжық өнімдері Шығыс Қазақстан облысында өндірілді: 5,1 мың тонна, жылдық өсім 15,7% құрайды. Сондай-ақ көшбасшы бестікке Батыс Қазақстан (4,9 мың тонна, + 3,5%), Түркістан (4,2 мың тонна, + 1,9%), Жамбыл (3,6 мың тонна, +0,7%) және Павлодар (3 мың тонна, + 3,2%) облыстары кірді.
ASPIR ҚР Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда қайнатылған шұжықты тұтыну орташа есеппен жан басына шаққанда – 652 грамм, жартылай ысталған шұжық 982 граммды құрады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында шұжық өнімдерінің бағасы бір жылмен салыстырғанда 5,6%-ға өсті. Соның ішінде пісірілген шұжық өнімдері – 4,4%-ға, жартылай ысталған шұжықтар – 6,8%-ға, шұжықтар мен ұсақ шұжықтар 4,7%-ға қымбаттады.