Павлодарлықтар тұрғын үйді басқа өңірлерге қарағанда аз сатып алады
Жыл басынан бері Қазақстанда сатып алу-сату мәмілелерінің саны 304 мыңнан асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы өсуде. Бұған дәлел – өткен жылмен салыстырғанда 12 пайыздан астам өскен тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны. Бұл ретте пәтерлерге арналған мәмілелер жеке үйлерге арналған мәмілелерден 3,5 есе артық.
Дәстүр бойынша мәмілелер саны бойынша көшбасшы – Алматы және Астана мегаполистері, сондай – ақ Қарағанды облысы (24,1 мың) болып қала береді.
– Тұрғын үйді Батыс Қазақстан облысы, Алматы және Шымкент қалаларында жиі сатып алып, сатады, – дейді Finprom.kz.
Павлодар облысында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер көршілес Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына қарағанда жиірек ресімделеді. Бірақ бұл басқа шекаралас өңірлерден – Ақмола және Қарағанды облыстарынан төмен көрсеткіш.
Нарықтың едәуір бөлігі бастапқы тұрғын үй болып табылады. Оған ипотека алу – оңайырақ.
Қазақстандағы пәтерлерді, үйлерді және басқа да жылжымайтын мүлікті сату және жалға беру туралы хабарландырудың ірі сайты Krisha.kz Павлодар облысында сатып алу үшін алты мыңнан астам тұрғын үй нұсқаларын ұсынады.
Олардың ішіндегі ең көбі – алты мыңнан астам нұсқасы бар төрт және бес бөлмелі пәтерлер. Сайтта қайталама тұрғын үй басымдырақ.