«Павлодар-Водоканал» ЖШС-не айыппұл салынды
Кәсіпорын табиғи монополия субъектісіне ақпаратты уақытылы ұсынбаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде ведомство «Павлодар-Водоканал» ЖШС атына ақпарат ұсыну туралы сауал жолдаған.
– Департаменттің сауалына ақпаратты уақтылы ұсынбау фактісі бойынша «Павлодар-Водоканал» ЖШС-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, – деді ведомствода.
Кәсіпорын құқық бұзушылық жасау фактісін мойындағанын ескере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 811-бабы шеңберінде қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібі қолданылды. Айыппұл сомасы 50% – 2,7 миллион теңге мөлшерінде төленді.