Павлодарда теміржол рельстерімен жүрген азамат жазаланды

Павлодарда теміржол рельстерімен жүрген азамат жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол белгіленбеген жерден өткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің хабарлауынша, 14-15 желтоқсанда «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шара өткізілді. Ол бүкіл Қазақстанның облыстарын қамтыды. Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің барлық бөлімшелері мен қызметтерінің жеке құрамы облыстағы теміржол мен әуежайларды тексерді. 14 желтоқсанда барлығы 16 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. 

– Мысалы, Павлодарда теміржол рельсімен өткен облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы (Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу) бойынша жазаланды.  Енді ол бес АЕК айыппұл төлеуге тиіс, – деді аға лейтенант Еркебұлан Сайлаубеков. 

Басқа жағдайда Екібастұз қаласының 35 жастағы тұрғыны шылым атқаннан кейін темекі тұқылын тастап кеткен. Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК 434-2-бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша жазаға тартылды. Оған он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. 

ІІМ деректері бойынша осындай жедел профилактикалық іс-шаралардың негізгі міндеті қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу болып табылады.