Павлодар әкімдігінде құлаған шыршаның жағдайы бағаланды

Павлодар әкімдігінде құлаған шыршаның жағдайы бағаланды
Фото: Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі

Ол келесі жылы пайдаланылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, дауылды желден құлаған шыршаның негізгі құрылысы аса зардап шеккен жоқ. 

– Қалпына келтірілетін элементтердің бір бөлігі деформацияланған. Шырша алдағы уақытта да пайдаланылатын болады, – деп толықтырды әкімдік. 

Естеріңізге сала кетейік, 30 метрлік шырша құлаған кезде ешкім зардап шеккен жоқ. Қала әкімі – Хасар Хабылбеков оқиға орнына келіп жетті.

Павлодар облысында апат өршіп тұр – трассалар барлық бағыттар бойынша жабылды.