Павлодар облысының жас отбасыларына тегін демалыс ұйымдастырылады

Павлодар облысының жас отбасыларына тегін демалыс ұйымдастырылады
Сурет: Жасанды интеллект

Іс-шарада балаларға арналған сыйлықтар мен ойын-сауық бағдарламасы қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында аймақтың жас отбасыларын «Family Camp 2025» атты ерекше демалыс шарасына қатысуға шақырады. Бұл – табиғат аясында демалып қана қоймай, отбасы мүшелерінің өзара байланысын нығайтуға арналған мазмұнды әрі көңілді шара.

Шара барысында қатысушыларды «AUA SITU» демалыс аймағына шығу, балаларға арналған сыйлықтар мен ойын-сауық бағдарламасы, қызықты отбасылық спорттық эстафеталар және де табиғат аясында дәмді түскі ас күтеді. Оған қоса, Павлодар қаласына жол жүру шығындарының толық өтемі және де отбасының тұрған жерінен Павлодарға қайта оралу жолы да төленеді.

«Family Camp 202»  – бұл жай ғана демалыс емес, бұл жас отбасылар үшін бірге уақыт өткізу, балаларға қуаныш сыйлау, жаңа таныстықтар орнату және ең бастысы – табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің жолын табу, – дейді ұйымдастырушылар. 

Өтінімдер 25 шілдеге дейін  +7 705 768 18 50 WhatsApp нөмірінде қабылданады.