Павлодардағы бірқатар дүкендерде бағаға мониторинг жүргізілді
Назарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Даулен Қабдушевтың айтуынша, 1 қаңтар күні облыс әкімдігі аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп Small, Greenwich және iNMART сауда желілерінде бағаға бақылау жасалған.
– Негізгі азық-түлік өнімдері бойынша бағаның өсуі тіркелген жоқ, – деді ведомство басшысы.
Кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімін кеңейту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстанда бұл тізім 19 емес, 31 атаудан тұратын болады. Оған тартылған ет, тауық еті, қара шай, жылқы еті, алма, сондай-ақ қияр мен қызанақтың кейбір түрлері енгізіледі.