Павлодардағы ЖЭО-3 аумағында өрт шықты
Оқиға кәсіпорынның жұмысына әсер еткен жоқ, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Павлодар қаласындағы №3 жылу-электр орталығының аумағында өрт тіркелді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер градирняның ағаш торламасы ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылды. Құтқарушылар жалынды толық сөндірді.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, өрт шыққан градирняда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Кәсіпорынның өндірістік процесі бұзылған жоқ. Жылу электр орталығы штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.
