Павлодарда бала алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

Павлодарда бала алтыншы қабаттан құлап көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қайығылы оқиға болған кезде анасы үйде еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Облыстық полиция департаменті бала құлау фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

– 2 маусым күні Павлодар қаласында қайғылы оқиға орын алды – 2019 жылы туған бала алтыншы қабаттағы терезеден құлап кетті. Өкінішке орай, бала алған  жарақаттардан көз жұмды. Белгілі болғандай, балкон әйнектелген, бала ерекше күтімді қажет етеді. Пәтерде анасы ас үйде шаруамен айналысып жүрген, сонымен қатар әпкесі де үйде болған, – деді департаментте.

Осыған байланысты Павлодар облысы полиция  департаменті кішкентай балаларды ашық терезесі немесе балконы бар бөлмеде қараусыз қалдырмауға шақырады.

– Балалардың құлау себептерінің бірі – олардың сүйеніп қалуға тырысатын, дұрыс бекітілмеген маса торлары немесе ашық тұрған терезе, балкон есіктері. Көп жағдайда ата-аналар немесе туыстар үйден шығып кетеді не үй шаруасымен айналысып, балалардың белсенділігі мен қызығушылығын естен шығарып алады, – деді департаментте.

Тәртіп сақшылар ата-аналарға ескертеді: терезеге қорғаныссыз маса торын орнатпаңыз, баланы терезе мен балконның жанында ойнап жүргенде қараусыз қалдырмаңыз. Арнайы терезе құлпын немесе кілтпен жабылатын тұтқалар орнатыңыз, оларды бала өз бетінше аша алмайды.