Павлодарда «Қыран елім – Қазақстан» атты кітап көрмесі ашылды
Онда 100-ге жуық басылым мен түрлі кезеңді қамтыйтын материалдар ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы қабылданған декларацияның құрметіне 1995 жылы 25 қазан күні ұлттық мереке - Республика күні деп жарияланды. Кітапханада Республика күніне арналған «Қыран елім - Қазақстан» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Көрменің мақсаты - Тәуелсіздік алғаннан кейінгі егеменді Қазақстанның қалыптасу тарихымен танысу, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді насихаттау, қоғамда жоғары жауапкершілікті және отансүйгіштікті, Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету, - делінген хабарламада.
Көрмеде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы бойынша 100-ге жуық басылым, сондай-ақ еліміздің егемендігі тарихының айтулы сәттері туралы және өткеніміздің жарқын жақтарын бейнелейтін материалдар ұсынылған.