Павлодарлық би ансамблі халықаралық байқаудың бірнеше жүлдесін ұтып алды

Павлодарлық би ансамблі халықаралық байқаудың бірнеше жүлдесін ұтып алды
Фото: @dk_estay_pvl

Олар ақшалай ұтысқа ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Естай атындағы мәдениет сарайының мәліметінше, «Dance Мania» халықаралық хореографиялық байқауында павлодарлық «Magic dance» үлгілі спорттық-эстрадалық би ансамблі бірнеше рет жеңімпаз атанды. Байқауда аталмыш ұжым үш бірінші орынға, үш Гран-при және «Бөлімнің үздік биі» номинациясына, сондай-ақ 50 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. 

Ал Дельфий ойындарының «Халық биі» номинациясы бойынша облыстық іріктеу бөлімінен «Нұр» би ансамблі мектеп-студиясы сүрінбей өтіп, тамыз айында Көкшетау қаласында болатын республикалық кезеңге жолдама алды. 

Үлгілі «Матрешки» би ансамблі «Штаб Квартира» бишілер ұйымының «Dance Mania» халықаралық би байқауына қатысып, бірнеше жүлделі орындарға ие болды.