Павлодарда қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды
Ол қауіптіліктің бірінші дәрежесінде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы бойынша экология департаментінің мәлімдеуінше, "Қазгидромет" 5 қазан сағат 21:00-ден бастап 7 қазан сағат 9:00-ге дейін қауіптіліктің бірінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлары жарияланды.
- Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. ҚМЖ басталған кезде кәсіпорындармен өзара іс- қимыл туралы меморандумға сәйкес, дауылды ескерту кезінде 1-санаттағы кәсіпорындар атмосфераның жер қабатындағы ластаушы заттардың концентрациясын 15-20%-ға төмендетуге міндетті, - делінген хабарламада.
Департамент ластаушы заттар шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды тұрақты негізде жүзеге асырады.
Павлодар қаласындағы атмосфералық ауаның жай- күйіне мониторингті 7 бақылау бекетінде «Қазгидромет» РМК жүргізеді:
- №1 бекет-Камзин және Чкалов көшелерінің қиылысы
- №2 бекет-Айманов көшесі, 26
- №3 бекет-Ломово көшесі
- №4 бекет-Қаз.Правды көшесі
- №5 бекет-Естая көшесі, 54
- №6 бекет-Затон көшесі, 39
- №7 бекет-Ген.Дүйсенов және Торайғыров көшелерінің қиылысы.