Павлодарда қос партияның плакаттарын жапсыру кезінде түсініспеушілік туындады

Павлодарда қос партияның плакаттарын жапсыру кезінде түсініспеушілік туындады

Оқиғаны екі партияның белсенділері арасында болған кездейсоқ түсініспеушілік деді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде кең тараған видеода "AMANAT" партиясының өкілдері үміткердің үгіт-насихаты жоғары болуы керек деген оймен бәсекелестердің постерінен плакатты жоғары қоюды мақсат еткенін көруге болады.

Осы жағдайға қатысты "AMANAT" партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко былай деді:

"Менің ойымша, сайлау кез – келген партия үшін ең маңызды уақыт екенін бәрі түсінеді. Осы кезеңде эмоциялардың, бәсекелестіктің өсуі қалыпты жағдай. Оның ішінде үгіт материалдары үшін орындар да маңызды. Мен бұл оқиғаны кездейсоқ түсінбеушілік деп санаймын. Барлық белсенділермен, партия мүшелерімен қосымша түсіндіру өткізілді", - деп жазды Facebook-те Илья Теренченко.

Ол сондай-ақ "AMANAT" партиясы бір мандатты округтер бойынша және барлық деңгейдегі Мәжіліс пен мәслихаттарға партиялық тізімдер бойынша 214 кандидат ұсынғанын және Павлодар облысындағы барлық партиялардың белсенділеріне, мүшелеріне және жақтастарына белсенді жұмысы үшін алғысын білдіріп, адал және бәсекелі күресте ең мықтысы жеңіске жететінін айтты.