Павлодар облысында туристік стратегия әзірленеді
Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте өңірдегі туризмді дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өңірлік кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернұр Жәутікбаевтың айтуынша, бұл сала пандемиялық шектеулерден кейін біртіндеп жанданып келеді.
– Мәселен, демалушыларды орналастыру орындарының саны 20 пайызға артып, 134 бірлікті құрады, сәйкесінше төсек орындарының саны 9 079 бірлікке дейін өсті. Бұл көрсеткіш бойынша облыс Қазақстанның ТОП-3 өңіріне кіреді. Болжам бойынша туристік ағын 200 мыңнан асады, оның ішінде Баянауыл ауданына 130 мың адам келеді, – дейді Ернұр Жәутікбаев.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың облыстың әлеуеті әлі толы іске асырылмағанын атап өтті.
– Туристік әлеуетті дамытуды тек қана Баянауылға арта бермеу керек. Теңгерім болуы тиіс. Облыста өте әдемі жерлер көп. Жыл сайын үлкен әлеует туралы айтамыз, бірақ нақты жоспар әлі де жоқ. Осы уақытқа дейін дәл осы әлеуетті қалай жүзеге асыруды, инвестициялар ағынын қалай бағыттауды білмейміз. Барлығы нақты көрсетілетін: туризмді қайда дамыту, қаражатты қайда жұмсау қажет екені туралы жоспар әзірлеу қажет, – деп тапсырды өңір басшысы.
Айта кетейік, 2023 жылға инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 2,5 млрд теңгені құрайтын жеті жаңа жобаны іске асыру жоспарланған, оның шеңберінде 50 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл – монша кешені, отбасылық демалыс орны, жол бойындағы сервис орталықтары, дәмханалар мен автомобиль сервистері орталықтары, мейрамханалар, Сабындыкөлдің жағасындағы курорттық демалыс аймағы.