Павлодарда ұлттық ат спорты түрлеріне арналған стадион жаңа кейіпке енді

Павлодарда ұлттық ат спорты түрлеріне арналған стадион жаңа кейіпке енді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрермен орындықтарын монтаждау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық құрылыс бөлімінің мәліметінше, ұлттық ат спорты түрлеріне арналған стадион құрылысы жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.

– Трибуналардағы көрермен орындықтарын монтаждау жұмыстары толық көлемде аяқталды. Ат қора ғимаратында терезе блоктарын орнату жұмыстары аяқталып, қақпа конструкцияларының монтажы орындалды, – деді бөлім мамандары. 

Қазіргі уақытта трибуналардың қоршау конструкцияларын орнату жұмыстары жалғасуда.