Павлодарда әйел көпқабатты тұрғын үйден құлады

Ол бірден жан тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойында тұрған 16 қабатты үйдің қасынан өткен адам таңғы сағат 10:09-да «103» нөміріне қоңырау шалып, оқыс оқиға туралы хабарлады. Медициналық топ 1978 жылы туған әйелдің қайтыс болғанын растады. Марқұм биіктіктен құлағаннан кейін өмірмен сәйкес келмейтін жарақат алды.
Полиция департаменті болған оқиға бойынша тексеріс ашты.