Павлодарлық тұрғын Таиландтағы демалыстың орнына опық жеп қалды

Павлодарлық тұрғын Таиландтағы демалыстың орнына опық жеп қалды
Фото:pixabay.com/remideligeon

Ол шетелге бармақшы болып, алаяқтарға ұрынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бойжеткен Instagram-да Таиландқа тропикалық демалысқа арзан жолдама бағамен ұсынылған жарнаманы көрген. Павлодарлық тиімді ұсынысқа сеніп, 250 мың теңге көлемінде алдын ала төлемді аударды. Кейін сақтандыру үшін тағы 250 мың теңге төледі. Кейін жалған туроператор байланысқа шығуды тоқтатты. Сонда ғана қала тұрғыны полициядан көмек сұрады.

Полиция азаматтардан жеке карталарына ақша аудармауды сұрайды. 

– Ресми туристік фирмалар тек есеп айырысу шоттары арқылы жұмыс істейді. Пікірлерді оқып, бағаларды салыстырыңыз. Турдың тым төмен құнына сақтықпен қарау керек. Кеңседе немесе компанияның ресми телефонына тікелей хабарласып, мәліметтерді нақтылаңыз, – деді департаментте.

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, аударымды бұғаттау үшін хат-хабарлардың, төлем чектерінің және басқа да дәлелдемелердің скриншоттарын көрсетіп, жедел түрде полицияға хабарласыңыз.