Павлодарда №11 автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді

Павлодарда №11 автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді

Оған электр желілерінің ақауларын апаттық жою жөнінде атқарылатын жұмыстар себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, уақытша өзгеріс 5-6 қазан күндеріне жоспарланған. 

- Электр желілерінің ақауларын апаттық жою жөніндегі іс – шараларды жүргізуге байланысты Геринг-Целинная көшелерінің қиылысында №11, 11а автобус маршруттарының қозғалыс схемаларына уақытша өзгерістер енгізіледі, - делінген хабарламада.⠀

№11 автобус маршруты АЦТО соңғы аялдамасынан Жібек жолы көшесі бойынша шыққан кезде Нұрмағамбетов көшесіне солға бұрылады, содан кейін Минин көшесіне солға бұрылып, Геринг көшесіне оңға бұрылады және одан әрі маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.