Екібастұзда ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды

Екібастұзда ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды

28 жастағы ер адам дәрігерлерге тапсырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамырда сағат 13.40 шамасынды полиция басқармасының кезекші бөліміне Торайғыров көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің төбесінен ер адам секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторлары Нұрсұлтан Серікбаев пен Мәулет Қарыбаев келгенде шатырдың бір шетінде тұрған ер адамды көрген. Ол: «Маған жақындамаңдар! Әйтпесе мен қазір секіремін!», – деген.

– Төбеге көтеріліп, ер адаммен сөйлесе бастадым. Оның назарын аудару үшін сұрақтар қойдым. Ол бүгін оның туған күні екенін және оны ренжіткенін айтты. Мен оған соған бола секірмей-ақ, екеуміз бірге осы мәселені шешейік дедім, – дейді Нұрсұлтан Серікбаев.         

Осы кезде учаскелік полицей оны өзіне тартып, бірінші  баспалдақпен түсіре бастаған. Төменге түскен соң күтіп тұрған жедел жәрдем медициналық  бригадасына тапсырған.