Павлодарда №11 бағыттағы автобустың төлем жүйесі өзгерді
Төлем соңғы аялдамада басқа автобусқа отыруға қатысты өзгерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Еске салайық, қаладағы №111 бағыттағы шағын автобустардың орнына енді №11-ші үлкен автобустар қатынайтын болады.
Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және АЖ бөлімінің мәліметінше, 2023 жылдың 22 ақпанынан бастап сыйымдылығы жоғары бірінш классты автобустармен № 11 маршрут іске қосылды.
Бұл маршруттың жүру бағыты айналмалы болғандықтан, жол ақысын төлеуге қатысты сұрақтар туындады.
– Аталмыш мәселені жолаушыларды тасымалдаушы автокәсіпорынмен талқылап, Геринг көшесі бойындағы «Технологиялық колледж», «СМП», «Әйгерім дүкені» аялдамаларынан автобусқа кірген жолаушылар «АЦТО»-ға дейінгі жол ақысын төлемейді деген шешім қабылданды. Жол ақысын әрі қарай жүретін жолаушылар төлейді, төлем «АЦТО» станциясында қайта отырғаннан кейін жүзеге асырылады, – деді бөлімде.
Кері бағытта да сол сияқты Малайсары батыр көшесінің бойындағы «Дальневосточная», «Целинная», «41-ші мектеп» аялдамаларынан отырған жолаушылар жол ақысын «АЦТО» соңғы аялдамада қайта отырған кезінде бір рет төлейді.