Железин және Тереңкөл аудандарының жолдары тексерілді

Железин және Тереңкөл аудандарының жолдары тексерілді

Антикор еріктілері екі ауданның автожолдарына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл – «М-38 РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай (ҚХР-ға)» республикалық маңызы бар Железин және Тереңкөл ауылдары арасындағы автожол учаскесі.

Моисеевка ауылы, Железин ауданы және Луговое ауылы, Тереңкөл ауданы арасындағы жол учаскесінде 224-240, 244-247, 249-255, 264-278 километрде жабынды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған автожолды орташа жөндеу жұмыстарын «АЗА» ЖШС мердігерлік ұйымы атқаруда.

Естеріңізге сала кетейік, жолдардың сапасына қатысты өтініштер мен ұсыныстар бойынша 8 (771) 305 30 43 (WhatsApp) нөміріне, сонымен қатар жемқорлық фактілеріне тап болғанда  @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы  хабарласуға болады.