Павлодарда 10 жаңа бағдаршам орнатылуда

Павлодарда 10 жаңа бағдаршам орнатылуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғыны орнатуға кейде бір жыл кетеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тұрғындардың өтініштері бойынша көлік қозғалысын ретке келтіру және жолдардағы қауіпсіздікті арттыру үшін 10 жаңа бағдаршам қондырғысын орнату жұмыстары шілде айында басталған. 

– Бағдаршам орнату жұмысы оңай емес. Оған әжептәуір уақыт қажет. Кейде, тіпті, бір жылдан астам уақыт кетеді. Өйткені, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау, мемлекеттік сараптамадан, келісуден өту, содан кейін мердігерді анықтау үшін конкурстық рәсімдерді жүргізу қажет, – деді Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков.

Жаңа бағдаршамдар Ломов (ИнЕУ), Ак.Шөкин (№22 ЖОББМ), Қамзин көшесі (№21 ЖОББМ), Баян батыр («Сұңқар» қонақ үй кешені), Циолковский - Кіші айналмалы жол, Баян батыр - №1 автожол, Бекхожин - ген.Бәкіров, Бекхожин - Ткачев көшесі, Естай - Бекмаханов, Катаев - Гагарин көшелерінде орнатылады.

Екі нысан бойынша жұмыстар аяқталды, қалған сегіз нысанды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.