Павлодарда 250 миллион теңге қарызы бар көлік тіркемесі арнайы тұраққа қойылды

Павлодарда 250 миллион теңге қарызы бар көлік тіркемесі арнайы тұраққа қойылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл берешегі бар азаматтарды анықтап, жауапқа тартуға арналған рейд барысында белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының аумағында жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету және берешегі бар азаматтарды жауапкершілікке тарту мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

– Мәселен, облыс орталығында «КамАЗ» жүк көліктерінің тіркемелері арнайы тұраққа қойылды. Олардың иесіне қатысты мүлікке тыйым салу туралы қаулы шығарылды. Себебі оның жалпы сомасы 250 миллион теңгеден асатын түрлі берешегі болған. Барлық қарыздары толық өтелгеннен кейін ғана тіркемелер иесіне қайтарылады, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Тимур Хисматуллин.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы тәртібін қатаң сақтауға шақырады және азаматтарға мүлікке тыйым салу мен оны алып қоюдың алдын алу үшін барлық берешектерін уақытылы өтеуді ұсынады.