Павлодарда 50 аулада балалар ойын алаңы орнатылады
Бүгінде бұл мақсаттағы жұмыстар қарқын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтың мәлімдеуінше, игі бастама аймақ басшысы Асайын Байхановтың қолдауымен іске асуда.
– Биыл 50 балалар ойын алаңын орнату жоспарлануда. Бүгінде дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ойын элементтерін монтаждау жұмыстары қатар қолға алынды. Қазірдің өзінде шамамен 15 аула қамтылды, - деді ол.
Шаһар басшысының айтуынша, инженерлік желілердің өтуіне байланысты бұрын толыққанды алаңдар орнату мүмкін болмаған аулаларға ерекше назар аударылуда. Биыл ондай аулаларда балаларға арналған шағын аймақтар жасақталуда. Бұл бағытта 10-ға жуық аулада жұмыстар басталды. Ауладағы бос кеңістік аз болса да, тиімді пайдалану көзделуде. Жеке ойын элементтері тротуарлар арқылы өзара байланыстырылуда.
Барлық жұмыстарды 1 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Қала әкімі қызметкелерге аула аумақтарын барынша қамтып, балалардың заманауи ойын алаңдарына қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.