Павлодарда 6 қазанда бірқатар аудан жарықсыз қалады
Жоспарлы жөндеу жұмыстары күндіз және кешкі уақытта жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Томская көшесі, 50, Новосибирская көшесі, 21/1, Катаев көшесі, 349/1 және Қамзин көшесі, 351 мекенжайларында электр энергиясы уақытша өшіріледі.
Сондай-ақ Онежская – Ворушин – Қамзин – Волочаевская көшелері аралығындағы жеке тұрғын үйлер жарықсыз қалады.
Кешкі уақытта жұмыстар Жаңаауыл кентінде жалғасады. Сағат 20:30-дан 7 қазанның 1:00-іне дейін «Рыбный мир» аумағында, «Нефтяник», «Клен», «Реченька», «Здоровье» бау-бақша серіктестіктерінде және бірқатар нысанда электр энергиясы болмайды.
Шектеу Жаңаауылдағы 3, 4, 5, 6, 7 және 8-Жаңаауыл көшелеріндегі жеке тұрғын үйлерге де қатысты.