Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылуы мүмкін

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылуы мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мамандар жүргізушілерді сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалы мен «ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының мәліметінше, өңірде қар, жаңбыр, көктайғақ болып, ауа температурасы күрт төмендеуі ықтимал.

Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушыларға барынша мұқият болу ұсынылады. Сондай-ақ мамандар қажет болмаса, алыс жолға шықпауды ескертеді.

Қыс мезгілінің басталуына орай жүргізушілер көліктерін қысқы дөңгелектермен уақытылы жабдықтауы қажет.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс уақытша шектелуі немесе толық жабылуы мүмкін.