Павлодарда 6 сәуірде бірқатар мекенжайда су өшіріледі
Аймауытов – Ленинградская көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған байланысты сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін келесі мекенжайларда су уақытша тоқтатылады:
- Қамзин – Мүткенов – Нұрмағамбетов – Щедрин көшелеріндегі жеке үйлер;
- Московская көшесі, 56, 64;
- Қамзин көшесі, 7 (№5 емхана), 9 (№3 балабақша), 11 («Орион»);
- Ленинградская көшесі, 43/1.
Коммуналдық қызметтер уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, аталған жұмыстардың сумен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталғанын хабарлады. Тұрғындарға алдын ала су жинап алу ұсынылады.