Павлодарда 600 литр битум жанып кетті

Павлодарда 600 литр битум жанып кетті

Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың басқа нысандарға өтуіне жол бермеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Өрт туралы 112 пультіне сағат 18:22-де хабарланды. Онда Циолковский көшесі, 41 мекен-жайы бойынша ашық жерде битум жанып жатқаны айтылды, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері мен 2 өрт сөндіру техникасы жіберілді. Келгеннен кейін сыйымдылығы 600 литр көлемінде битум жанып жатқаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың басқа нысандар мен ғимараттарға өтуіне жол бермеді.

Өрт сағат 18:53-те оқшауланып, 18:56-да толығымен жойылды.

Себептері мен шығыны анықталуда.