Павлодарда 7 тамыз күні бірқатар мекенжайда су уақытша өшіріледі

Павлодарда 7 тамыз күні бірқатар мекенжайда су уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындардан су алып қою сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Ак. Шөкин көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан жапқыш арматураны ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Осыған байланысты сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін төмендегі мекенжайлар бойынша су беру уақытша тоқтатылады:

  • Р. Люксембург көшесі: 111, 113, 113/1;
  • Ак. Шөкин көшесі: 98, 100, 100/1, 139 (соның ішінде «KFC»);
  • Назарбаев даңғылы: 48/1, 50, 50/1, 52, 56, 56/1, 58, 60/5.