Павлодардың бірқатар үйі шілденің ортасына дейін ыстық сусыз қалады
Уақытша шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындық аясында енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 26-30 маусым аралығында №2 және №37 орталық жылу пункттерінде жөндеу жүргізіледі.
Осыған байланысты ыстық су мына мекенжайларда уақытша болмайды:
- Набережная көшесі, 5, 7, 9, 11;
- Естай көшесі, 83, 83/1, 85.
Сонымен қатар 26 маусымнан 19 шілдеге дейін жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі. Осы кезеңде Алматы көшесі, 50; Всеволод Иванов көшесі, 49/1 және 62/1; Мүткенов көшесі, 48, 49, 50, 52 және 53 мекенжайларындағы тұрғын үйлерде ыстық су болмайды.
Тұрғындарға уақытша қолайсыздықтарды ескеріп, тұрмыстық қажеттіліктерін алдын ала жоспарлау ұсынылды.