Павлодарда ақпараттық технологиялар саласында бұрын жасалған оннан астам қылмыс ашылды

Павлодарда ақпараттық технологиялар саласында бұрын жасалған оннан астам қылмыс ашылды
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Ол «Аnti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде мүмкін болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары  ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған «Аnti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды.

- Аталған іс - шара барысында құқықтық тәртіп сақшыларының күшімен интернет пайдаланушыларға қатысты алаяқтықпен айналысқан 6 адам анықталды. Бұдан бөлек, ақпараттық технологиялар саласында бұрын жасалған 13 қылмыс ашылды, - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров. 

Ұсталғандардың осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.