Баянауыл ауданында еліміздің эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді

Баянауыл ауданында еліміздің эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді
Фото: pexels.com / Rahul Pandit

Ұйымдастырушылар облыс тұрғындарын Қаныш Сәтбаевтың мерейтойын тойлауға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Шаңырақ» орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақ ғылымының атасы» гала-концерті 17 тамыз күні өтеді. 

– Баршаңызды даңқты жерлесіміз Қаныш Сәтбаетың 125 жылдығына арналған мерейтойлық шаралардың қонағы болуға шақырамыз. Мерейтойлық шаралар Баянауыл ауданындағы Мойылды алқабында орналасқан этноауылда өтеді. Онда республикалық ақындар айтысының финалдық кезеңін тамашалай аласыздар, – дейді ұйымдастырушылар.

Айтыстан соң жұртшылық назарына Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұсынылады. Онда Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, Ернар Айдар және Еркін Нұржанов өнер көрсетеді.