Екібастұзда мас күйінде көлік тізгіндегендер қамауға алынды

Екібастұзда мас күйінде көлік тізгіндегендер қамауға алынды
Фото Константин Шелков

Әрі олар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тек бір тәуліктің ішінде Екібастұз қаласындағы полицейлер үш жүргізушіні мас күйінде ұстаған. 

- Мысалы, Момышұлы-Торайғыров көшелерінің қиылысында жүргізушісі мас күйінде көлікті жүргізген Mazda маркалы автомашина тоқтатылды. Тағы бір жағдайда, таңғы сағат 4.00-де  SsangYong автокөлік тоқтатылды. Белгілі болғандай, жүргізуші мас болды. Ал  сағат 5.00 - де ішімдікке тойып алған 21 жастағы ВАЗ 2114 көлігінің жүргізушісі ұсталды,- деді Екібастұз қаласы, ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Фаруз Күсембеков.

Үшеуін де сот 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Айта кетелік, жол-көлік оқиғаларын азайту, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 5-29 ақпан аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.