Павлодар ауданында дербес өрт сөндіру бөлімі ашылды
Бұл бөлімдер өрт кезінде жедел ден қоюға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар ауданы әкімдігінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлім үш негізгі және бір көмекші өрт сөндіру техникасымен жабдықталған. Жеке құрамы 38 адамнан тұрады. Өрт сөндіру машиналарына арналған жылы бокс қарастырылған.
Өрт сөндіру бөлімінің жұмысы ауданның ауылдық округтерінде орналасқан өрт сөндіру бекеттерінің жұмысымен үйлестірілген.
Еске сала кетейік, былтыр Шарбақты ауданының Сосновка ауылында және Успен ауданының Ольгино ауылында өрт сөндіру бекеттері ашылды. Сондай-ақ, жоспардан тыс Железин ауданы Прииртышское ауылында өрт сөндіру бекеті құрылды. 2024 жылы Баянауыл ауданының Бірлік ауылы, Ертіс ауданының Северное ауылы, Аққулы ауданы Әбілқайыр Баймолдин атындағы ауылда өрт сөндіру бекеттері ашылады.