Павлодарда алашордалықтың ұмытылған еңбектері жарияланды

Павлодарда алашордалықтың ұмытылған еңбектері  жарияланды
Фото: Константин Шелков

Әлкей Марғұланның шығармашылығынан үй мұрағатында көптеген қызықты материалдар бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада академик Ә. Марғұланның екі кітаптың басылымдары таныстырылды. Материалдарды академиктің қызы бірнеше жыл бойы жинаған. Кездесуге профессорлар, өлкетанушылар, аймақ басшылығы және Павлодар зиялылары қатысты. 

Кітаптардың бірі – қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қатысты. Екіншісі – қолөнер мен жылқы шаруашылығымен байланысты.

– Әлкей Хақанұлының оларды бірден шығармауының себептерін іздеудің қажеті жоқ. Барлық ғалымдар екі-үш адамның өміріне жететін материалдарды жинайды, – дейді Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауаскан.

Сондай-ақ, академиктің қызы әкесінің алашордалықтармен байланысы туралы ой толғады. Оның айтуынша, 1921 жылы Әлкей Марғұланды Семейге оқуға шақырған. Колледжде жұмыс істеп жүрген А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Қ. Сәтбаев барлығы араласып, Алашқа кірген. Кейін академик Мұхтар Әуезовтің айтқанын тыңдап, Ленинградқа университетке түскен. 

– Әкем мұрағатта, архивтерде көп жұмыс істеді.  Ш. Уәлихановтан бастап, қазақ тұлғаларының материалдарын жинай бастады. Өзі Алашордалық болды. Бөкейханов әкеме Руденко экспедициясына барып, айтқан сөзі: «Ақтоғайда керемет ғимарат бар», соны зертте деп кеңес берген. Ол – Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Әкемнің айтуынша, ол – қазақ мәдениетінің бастауы. Кейін 1979 жылы осыған байланысты кітабы жарыққа шықты, – дейді спикер.

Спикер алдағы уақытта жаңа басылымдар жайлы сырымен бөліспек. 

– Павлодар облысының кітапханасында кітаптардың тұсаукесері өткені – өте ресми жағдай. Неге десеңіз, әкемнің тірі кезінде бармаған кітапханасы жоқ, осы кітапханада ұйымдастырылғанына қуаныштымын. Барлық қатысқан бауырларыма, адамдарға үлкен ризашылығымды білдіремін, – дейді Әлкей Марғұланның қызы.

Сонымен қатар, кітаптар барлық аудандарға, облыс мектептеріне таратылады.