Павлодарда классикалық әндер концерті өтеді

Павлодарда классикалық әндер концерті өтеді

Тыңдармандар И.Брамс пен П.Чайковскийдің шығармаларын тамашалай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Иса Байзақов атындағы филармонияның мәліметінше, оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Болат Рахимжанов.  

Концерттік бағдарламада танымал шығармалар – Петр Ильич Чайковскийдің «Зимние грезы» №1симфониясы, «Лебединое озеро»  балеті, Брамстың «Трагическая увертюра», Гетенің «Фаусты» шырқалады.  

Дирижер – Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық өнер университетінде өткен дирижерлау бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы Дастан Ибрагимов.  Кештің қонағы – Қазақ ұлттық өнер университетінің өнертану магистрі, Конрад Аденауэр атындағы  қордың стипендиаты  – Диана Мукатова.

Концерт 12 наурызда сағат 17:00-де Иса Байзақов атындағы филармонияның концерттік залында өтеді.

Фото: Иса Байзақов атындағы филармония ұсынды