Павлодарда алкогольді заңсыз сатқан кәсіпкер лицензиядан айырылды
Әрі қомақты айыппұл арқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласы ПБ оңтүстік полиция бөлімінің полиция қызметкерлері тұрақты негізде дүкендер бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.
- М.Жүсіп көшесінде орналасқан дүкендердің бірінде этил спиртінің көлемдік үлесі 30% - дан асатын, сыйымдылығы 0,75 л алкогольдік сусынды сату фактісі анықталды. Дүкен иесіне қатысты алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Павлодар қаласының полицияның аға учаскелік инспекторы Азамат Махватов.
Осы іске қатысты материал сотта қаралып, нәтижесінде кәсіпкер алкоголь өнімін сатуға арналған лицензиясынан айрылып, шамамен 150 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.