Қатты жел мен аптап ыстық: Павлодар облысының 3 тамызға арналған ауа райы болжамы
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз шығыс бөлігінде екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +18...+23°C болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +32...+37°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде +29°C болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік және шығыс аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +19...+21°C болады. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз ауа температурасы +32...+34°C болады. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі.