Павлодарда мысықты құтқармақ болған ер адам қаза тапты

Павлодарда мысықты құтқармақ болған ер адам қаза тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол биіктігі алты метр болатын ағаштан құлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1975 жылы туған ер адам жедел жәрдем бригадасымен 5 сәуір күні 9:05-те Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген. Ол жағдайының ауырлығына байланысты қарқынды терапия бөліміне жатқызылды.

- Көптеген сынықтар, ішкі ағзалардың жыртылуы, травматикалық және геморрагиялық шок анықталды. Кешенді шокқа қарсы терапия жүргізілді. Жүргізілген шараларға қарамастан, көптеген жарақаттардың салдарынан науқас қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні орталық өнеркәсіп аймағында шамамен 6 метр биіктіктен 50 жастағы ер адам құлаған. Белгілі болғандай, ол ағаштан мысықты түсірмек болған.