22 сәуірде Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады

22 сәуірде Павлодар облысында  күн күркіреп, жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түнде және таңертең батыста, оңтүстік аймақта тұман түседі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Қазгидрометтің мәліметінше, таңертең және түстен кейін облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік желінің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрді құрайды. 

Түнде 0...-5, облыстың солтүстігінде, шығысында  -3 салқын, күндіз +15...+20, облыстың солтүстігінде +12 градус жылы болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде 0...-2, күндіз +16...+18 градус жылы болады.