Павлодарда ардагерлер йога мен вокалға тегін қатыса алады

Павлодарда ардагерлер йога мен вокалға тегін қатыса алады
Фото: Константин Шелков

Аталмыш курста 85-тен астам адам оқиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің мәліметінше, «Күміс университеті» жобасы аясында аға буын өкілдеріне өз біліктілігін арттыруға және заманауи талаптарға сәйкес дамуға бірегей мүмкіндіктер ретінде курс ұсынады. Барлық бағыттағы бағдарламалар жас психологиясын және аға буын өкілдерінің қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.

– Қосымша білім беру институты базасында оларға аптасына бір-екі рет қазақ, ағылшын тілдері, компьютерлік сауаттылық, бейнелеу өнері, йога, вокал курстарына тегін қатысуға мүмкіндік берілді, – дейді университетте. 

Сондай-ақ, университет профессорлары оларға салауатты өмір салты, ментальды денсаулық, психология және басқа да сұранысқа ие тақырыптар бойынша дәрістер оқиды.

Айта кетейік, заманауи коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге мүдделі адамдар саны жыл сайын артып келеді.