Павлодарда аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған Қырғызстан азаматы ұсталды
Ол іздеуде жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарымен іздеуге жариялаған Қырғызстан азаматын ұстады.
– Естай – Абай көшелерінің қиылысында патрульдеу кезінде жүріп, жан-жағына қарай берген ер адам тоқтатылды. Тексеру барысында оның Қазақстанға өткен жылдың тамыз айында жұмысқа орналасу мақсатында келгені анықталды. Ер адам 2023 жылы Ташкент қаласында бірнеше азаматты алдап, тергеу барысында қашып кеткен. Қазіргі уақытта шетелдік уақытша ұстау изоляторына қамалды және жақын арада Өзбекстан Республикасына жіберіледі, – деді департаментте.
Жыл басынан бері іздестіруге жарияланған түрлі қылмыстар жасағаны үшін Павлодар облысының қылмыстық іздестіру қызметкерлері 13 қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.