Павлодарда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына өтінімдер қабылдануда
Өтінімдер 1 наурызға дейін қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 7 ақпаннан бастап «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына тұрғындардың қатысуы үшін өтінімдер қабылдау басталды.
- Кез-келген адам қалалық ортаны дамыту және жақсарту туралы өз идеясын ұсына алады. Бұл аумақты көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс, жарықтандыру, спорт алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын, аула аумақтарындағы және жалпы пайдалану орындарындағы балалардың ойын алаңдарын орнату және жөндеу жөніндегі жоба болмақ, - делінген хабарламада.
Егер де сіздің ұсынған жобаңызды басқа да тұрғындар қолдап, дауыс беретін болса, олар 2024 жылы қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Өтінімдер 1 наурызына дейін қабылданады. Дауыс беру және бастамаларды іріктеу онлайн режимде Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтында өтеді.
Сілтеме @akimat.pavlodar парақшасының профилінде бекітілген.