Павлодарлық колонияда алғаш рет америкалық ойындар өткізілді

Павлодарлық колонияда алғаш рет америкалық ойындар өткізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ойынға колониядағы мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қалалық колонияда алғаш рет Cornhole ойындары өткізілді. Бұл – Солтүстік Америкадағы танымал ойын. Онда ойыншылар матадан жасалған қапшықтарды қашықтықтан тақтағы тесікке кіргізуі тиіс. 

– Мұндай жарыстарды біз сотталғандар арасында алғаш рет өткізіп отырмыз. Бұл өз кезегінде олардың бос уақытын қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл ойынды мәдени іс-шаралар қатарына қосу жоспарлануда, – деді колония басшысы Сұлтан Бакин.

Ойынға 40-тан астам сотталушы қатысты, олардың арасында бірінші және екінші топтағы мүгедектер бар.

– Уақытым көп, барлық мәдени, спорттық шараларға қатысуға тырысамын. Бүгін бізге қызықты ойын ұйымдастырылды. Шынымды айтсам, маған қатты ұнады. Мекеме басшылығына біздің бос уақытымызды тиімді өткізуге тырысқаны үшін  алғыс айтқым келеді, – дейді сотталушы Сергей.

Ол ауыр дене жарақатын келтіргені үшін жазасын өтеуде. Ойын соңында сотталушылар Алғыс хаттармен марапатталды.