Павлодарлық музыкант жаңа топтама дайындап қойды

Альбомның екі трегі жарыққа шығып үлгерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалығымен Dose атымен танымал Айдос Жұмалинов Instagram парақшасында бөлісті. Ол дағыстандық рэпер Камбулат Әлібековпен бірге «Запомню» атты трек жазды. Таулық «Томас Шелби», «Полюбила дурака» және «Мой кайф» тректерімен танымал.
«Запомню» жаңа альбомға кіреді, оның шығуы 21 ақпанға жоспарланған. Бұл топтаманың бірінші синглы «Снова таешь» әні болды.
Dose 1993 жылы 28 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. Заңгер мамандығы болғанына қарамастан, ол өзін музыкаға арнауды шешті. Тағы бір атақты павлодарлық Скриптонитпен танысқан Айдос Жұмалинов біраз уақыт жерлесіне концерттік продюсер болды.
Кейін Айдос Dose лақап атымен жеке мансабын бастады. Әртістің соңғы хиттерінің бірі «Вокруг света» деп аталады. Бұған дейін павлодарлық «Адреналин» хитін жазған болатын.