Павлодарда бүлдіршіндерге пластилиннен мультфильм ұсынылады
Қазақстан және Ресей студенттері «Савка туралы аңыз» атты мультфильмді екі тілде дыбыстады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Пластилин анимациясына көшірілген «Савка туралы аңызды» орыс жазушысы Елена Ткач жазды. Ол Қарасуқ ауданының орталық кітапханасы мен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының бірлескен Ресей-Қазақстан жобасының негізін салды.
Пластилиндік анимациялық мультипликация (мультипликация жолымен түсірілген фильм) – бұл балалардың көркем шығармашылыққа қабілеттілігін дамытудың тамаша түрі.
Пластилиннен ертегі мультфильмін жасау шығарманы оқуға ғана емес, сондай-ақ халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықты оятуға түрткі болады.
Аталмыш шығарманы қазақ тіліне Павлодар ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айбек Оралхан аударды.
Сонымен қатар, Павлодар және Қарасуқ педагогикалық колледждерінің студенттері мультфильмді екі тілде дыбыстады. Авторлар сюжет пен дауыстап айтудан бастап, дизайнның егжей-тегжейіне дейін көп уақыт пен еңбек жұмсады.
Айта кетейік, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері үшін өндірістік оқу аясында жас ұрпақтың шығармашылық және көркемдік әлеуетін ашу бойынша жұмыс тәжірибесі және балаларды оқуға тарту, шығармашылық ойлауды дамыту тәсілдерінің бірі ретінде мультфильм көрсетілді.