Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкесі концертпен өтеді
Жәрмеңкеге Успен, Тереңкөл, Аққулы аудандарының, Павлодар және Ақсу қалаларының тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
10 ақпанда Торговая көшесі, 2А құрылысында (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Еттің барлық түрін Тереңкөл, Аққулы, Успен аудандарының, Павлодар қаласының тауар өндірушілері жеткізеді.
Тауық жұмыртқасын «Павлодар-Құс» ЖШС, «Шарбақты-Құс» ЖШС жергілікті құс фабрикалары, картоп пен көкөністерді Аққулы, Тереңкөл аудандары мен Ақсу және Павлодар қалаларының тауар өндірушілері қамтамасыз етеді.
Шикі сүтті Успен ауданынан «Галицкое» ЖШС, сондай-ақ Павлодар ауданынан «Киров» ЖШС фермерлер базарының ішіне жеткізеді. Аққулы ауданының әкімдігімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Ауылшаруашылық базарының бағасы:
Сиыр еті – 1700-2100 теңге/кг, қой еті – 1900-2100 теңге/кг, жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг, шошқа еті – 1600-1800 теңге/кг, шикі сүт – 200 теңге/литр, картоп, сәбіз, пияз – 90 теңге/кг, қырыққабат – 110 теңге/кг және т.б. өнімдер.
Осыған ұқсас жәрмеңкелер облыстың қалған қалалары мен аудандарында өтеді.