Жолақысын төлемей қашқан: Павлодарда екі жігітке айыппұл салынды
Олар 22 және 24 жастағы қала тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, №5 қалалық қоғамдық көлікте екі жігіт жол ақысын төлемегені туралы хабарлама түскен.
– Тәртіп бұзушылар полиция келгенге дейін автобустан түсіп, қашып кетті. Екібастұз қаласының учаскелік инспекторлары ұсынылған видео бойынша құқық бұзушыларды анықтады. Жігіттер қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтарғаны үшін жазаланып, әрқайсысына екі АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Екібастұз қаласының полиция басқармасында.
Айта кетейік, жыл басынан бері тегін жүрген он тұрғынның барлығы жауапкершілікке тартылды.