Павлодарлық оқушылар тәртіп туралы роликтер түсіріп, бағалы сыйлықтар алды
Өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы акциясы аясында 554 оқушы қолдаған «жүргізушіге хат» челленджінің қорытындысы шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараның мақсаты – облыс тұрғындарының назарын жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесіне, атап айтқанда, жас жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне аудару.
– Өз роликтерінде оқушылар жол жүру ережелерін бұзбауға, жылдамдық режимін қатаң сақтауға, шағылыстыратын элементтерді қолдануға, баланы автомобиль салонында тасымалдау кезінде автокреслоларды қолдануға шақырды. Роликтердің көп бөлігі жолдың жүріс бөлігін дұрыс кесіп өтпеген жаяу жүргіншілерге арналған. Қазылар алқасына жеңімпазды таңдау қиынға соқты, өйткені оқушылар байқауды үлкен қызығушылықпен және жауапкершілікпен өткізді, – деді облыстық полиция департаменті басқармасының баспасөз қызметінде.
Байқау қорытындысы бойынша Т.П. Праслав атындағы Ертіс мектебі және Железин ауданының білім бөлімінің Веселорощинск жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары жеңімпаз атанды.
Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орынбаев жеңімпаздарды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, оқуда табыс, тамаша бағалар, бақытты болашақ тілеп, жолдағы қауіпсіздікке немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс айтты.
Сонымен қатар, балалар полиция мұражайына барып, қалалық полицияның құрылу тарихымен танысты. Балалар формалық киім-кешектерді, техниканы, фотосуреттер жинағын үлкен қызығушылықпен қарап, полиция қызметкерлерінің әңгімесін мұқият тыңдады.
Полицейлер мұндай іс-шараларды өткізу жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және жүргізушілер арасындағы тәртіпті арттыруға көмектеседі деп үміттенеді.