Баянауыл ауданында қатты пайдалы қазбалар өндіру жоспарланып отыр
Пікірлер мен ұсыныстар 14 қыркүйекке дейін қабылданады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
«SHORABAI» ЖШС Павлодар облысы Баянауыл ауданында 2023 жылғы 03 ақпандағы №1952-el лицензиясына сәйкес M43-43-(10B-5B) блоктар алаңында қатты пайдалы қазбаларды барлау-3, 4, 5, 9, 10) жұмыстарын жоспарлап отыр.
Өтінішті https://ecoportal.kz/ «Қоғамдық талқылаулар» тақырыбында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru сайттарынан «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында 2023 жылдың 15 тамыздан табуға болады. Пікірлер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі – ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіне дейін.
Пікірлер мен ұсыныстарды Павлодар облысы бойынша экология департаменті pvlecspert@mail.ru электронды мекенжайына немесе Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті), +7(7182) 532354 телефон нөмірлері бойынша қабылдайды.